Bugin

Жайықта су деңгейі көтеріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @atyrau_oil

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел қорытынды шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырау облысының Индербор ауданында су  22 сантиметр көтерілген. Су деңгейі  – 1014 см, шекті деңгейі  – 845 см. 
 Махамбет ауданында да су деңгейі   16 сантиметрге көтерлді. Шекті деңгей  – 850 см болса, қазіргі су деңгейі  – 924 см. Атырау қаласында су  деңгейі 6 сантиметр көтерілді. Шекті деңгей  –  550 см, қазіргі су деңгейі  –  528 см.  

Жаңаталап ауылы мен Еркінқала ауылына қауіп төніп тұрған жоқ. Ол жақта су деңгейі бүгін 4 сантиметрге көтерілген.