Bugin

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер елімізде 11-13 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Иранның аудандарынан келетін фронтальды бұлт алқаптары еліміздің батыс аймақтарын қамтиды. Сол себепті  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.Ауа температурасы төмендейді. Фронтальды аймақтар еліміздің шығысына қарай жылжиды. Ақ теңіз аймақтарынан фронттардың жылжуымен солтүстік, орталық аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.  Максималды температура біртіндеп 22-27 градусқа жылы болып жоғарылайды.

Сондай-ақ, оңтүстік және шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа-райы болжануда. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.  Бұршақ және қатты жел болады. Алайда, термометрлердің бағандары күндіз біртіндеп 20-32 градус жылыға жетеді.