Bugin

Қазақ қызы тарихта тұңғыш рет Grand Slam жеңімпазы болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ғалия Тынбаева. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam  додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.