Bugin

Адамдарға шабуыл жасаған аю атылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Адамдарға шабуыл жасаған аюды полиция қызметкерлері атып тастады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға 2024 жылы 15 мамырда Өзбекстанның "Жаннатмакон" ауылында болған. Аю адамдарға қауіп төндіргендіктен, әбігерге түскен полиция қызметкерлері оны атуға мәжбүр болған.

Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жануардың тұрғын үйлердің аумағына еніп, адамдардың өміріне қауіп төндіретінін айтты.

"Аюға қару қолданбастан, ұстамақ болды. Алайда жыртқыш полицейлердің біріне шабуыл жасап, оны жарақаттады. Мұнымен қоса, сол кезде оқушылар орналасқан №74 мектептің аумағына кіріп кетті", - делінген хабарламада.