Спорт

«Реал» Погба бойынша ұсыныс дайындап жатыр

Зидан өз отандасын сатып алмақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Реал Мадрид» клубы «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны сатып алуға әрекет жасайды, деп хабарлайдыThe Sun.

«Корольдік клубтың» бас бапкері Зинедин Зидан, «қызыл сойқандардың» 26 – жастағы ойыншысына қызығушылығын жоғалтпай отыр. Бапкердің тілегін ескере отырып, клуб басшылығы алдағы трансферлік терезеде, ойыншыны сатып алу туралы ұсыныс жасамақшы.

Осы маусымда, Погба «Манчестер Юнайтед» құрамында 42 ойынға қатысып, 16 доп соққан. Ойыншының манкуниандық клубпен арадағы келісім-шарты 2021 жылдың жазына дейін қарастырылған. Оның трансферлік құны – 100 млн евродан асады.