Саясат

Семейдегі мектеп бітірген түлектер жыл сайын Ресейге кетіп жатыр

Не себеп?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Семейдегі Экономикалық лицейде қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенконың төрағалығымен ата-аналар комитеті және тәрбие, білім мәселесіне орай қоғамдық тыңдау өтті. Бұл төрт жылда бір рет өтуіс тиіс жиын екен. Кеңесте көптеген проблемалар талқыланды.

-Мектеп асханасындағы балаларға берілетін астың дұрыс болуын қадағайлайтын арнайы мониторинг топ құрдық,-деді Семей қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенко.- Ата-аналарды осы мониторинг құрамына кіруге шақырамыз. Бүгін сіздер, мына шараға қатысушы қала мектептерінің асхана қызметкерлеріне «Тамақты неге дұрыс дайындамайсыңдар? Сапасы неге төмен?» деп бетпе-бет келіп айтуыларыңызға болады.

– Семейдегі мектеп бітірген түлектер жыл сайын топ-тобымен Ресейге кетіп жатыр.   Олар жыл бойы мектеп ішілік ҰБТ емтихандарынан 90-нан аса бал алып шығады. Ал жоғарғы оқу орнына барған кезде не себептен екені белгісіз көрсеткіштері төмендеп қалады. Сондықтан түлектеріміздің өз елімізде қалуына бір көмек жасасаңыздар,-деді ата-ана Лилия Викторовна.

-Иә, бұндай проблема бар,-деді жиынға төрағалық етуші Наталия Фесенко,- мектеп бітіргендер Ресейдің көрші Барнаул қаласына түсуді әдетке айналдырған. Онда білім беру деңгейі МГУ-мен бірдей емес әрине. Қазақстандық оқушылардың Қазақстан жерінде білім алуы үшін олардың бір жыл бойы мектепте тапсырған емтихандары да есепке алынуы тиіс. Бұны біз қолдаймыз. Болашақта бір оңтайлы шешімі жасалады.

 

Дереккөз: altaynews.kz