Саясат

АҚШ-тың Иранға салған санкциясы күшіне енді

Не өзгереді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дональд Трамп бастаған АҚШ билігі Иран еліне салған санкциясын дәл бүгін іске қосты. 2015 жылға дейін көп жылдар бойына санкцияның құрсауында жатқан Иран еліне қайтадан бұғат салған көптарапты елдердің келісім еді. Келісім негізі Иранның ядролық қаруды өндіру туралы бағдарламасына қарсы көтерілген болатын.

 

Жексенбі күні Иранның бірнеше қалалары мен аудандарында халық жаппай ереуілге шықты. Көтерген қағаздарындағы жазулары: «Америкаға өлім!» деп басталады.

Мәселе неден басталды?

АҚШ тарихындағы ең тентек президент ретінде есте қалып келе жатқан Дональд Трамптың 2015 жылы Иранның ядролық бағдарламасынан шығып кетуі үлкен өзгеріс әкелді.

Мұнымен Вашингтон Иранның қылмыстық әрекетін тоқтатамыз деп ақталып отыр. Атап айтқан кезде: кибершабуылдар, баллистикалық қаруларды сынақтан өткізу, Таяу Шығыстағы радикалдар тобын Тегеранның қолдауына мүмкіндік бермейміз  деген секілді негіздерді алға тартты.

Санкция Иранның мұнай өндіруіне негізделіп салынды. Яғни Иранмен мұнай арқылы байланыс орнатып отырған елдер өздерінің ат тонын ала қашу керек. Себебі АҚШ Иранға ғана емес, Иранмен байланыс орнатқан елдерді де аямайтынын атап өтті.

 

Кім қарсы шықты?

Әрине мұндай жағдайда экономикалық жағынан тегеурінді Қытайды атауға болады. Сонымен қатар, Үндістан мен Түркия да Иранмен байланысын үзбейтінін ашық айтты. Ал бұл қарсылыққа жауап ретінде АҚШ билігі 8 мемлекетке рұқсат берді: Италия, Үндістан, Жапония, Оңтүстік корея, Түркия, Қытай.

Аталған елдердің Америкамен тығыз байланыстары бар. Тек Қытайдың жөні бөлек. Дәл қазір АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы жүріп жатқанын жақсы білеміз. Ендеше, Қытайдың санкцияны қолдауы АҚШ билігіне басын иіп қойғаны болып саналады. Бұған Қытай халық республикасы жол бере қоймас.

Бұл Қазақстанға мұнай өнімінің әлемдік нарықтағы сатылу бағасы жағынан әсер етері анық.