Спорт

Де ла Хойя: Головкин бизнесменге айналып барады

Ол да Мейвезер секілді болғысы келетін шығар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен бапкер Абель Санчестің арасындағы серіктестіктің тоқтатылуына байланысты өз ойын білдірді.

«Геннадий Головкин бизнесменге айналып барады. Осыған дейін біз оның қалайша дайындық жасайтыны туралы, тек жекпе-жектер туралы ойлап, іске беріктігі жөнінде еститінбіз. Енді ол бапкерге қанша доллар төлейтіні жайлы уайымдап жүр. Шын мәнінде, ол бапкерін соңғы жекпе-жегінен кейін қызметінен босатуы керек еді. Ол сол жекпе-жекте нашар көрінді. Осыны негізге алып Санчесті жұмыстан шығарып тастау керек еді», — деген де ла Хойя сөздерін BoxingScene келтіреді.

Соңғы жекпе-жегінде Геннадий Головкин де ла Хойяның қарамағындағы Сауль Альвареске жеңіліп қалған болатын.