Спорт

Погба «Реалмен» жылына 12 млн еуроға келісті

«Манчестер Юнайтедтен» нақты кететін болды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Манчестер Юнайтедтің» француз ойыншысы Поль Погба жақын арада командамен қоштасады.

AS-ның мәліметінше, 26 жастағы әлем чемпионы «Реалмен» келісімге келген секілді. Салықтарды алып тастағанда Погба жылына 12 миллион еуро алатын болады. Ойыншы трансфердің ұзап кетпеуі үшін тезірек бүкіл мәселелерді шешкісі келіп отыр. Себебі 2016 жылы ол «Ювентус» клубынан «Манчестер Юнайтедке» ауысқан кезде тура осында жағдай орын алып, трансфер сәл созылған болатын.

Поль Погба:

2016 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері.

2018 жылғы Әлем чемпионы.

«Гавр», «Ювентус» секілді командалар сапында өнер көрсеткен.