Спорт

«Барселона» соңғы 11 жылда Ла Лиганы сегізінші рет ұтты

Чемпиондық голдың авторы – Месси

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Испания біріншілігінің 35 турында «Барселона» клубы «Левантені» 1:есебімен жеңді.

Ойындағы жалғыз голды 62 минутта әйгілі сұрмерген Лионель Месси соқты. «Левантенің» ойын алаңындағы шабуылынан кейін Артуро Видаль аргентиналық ойыншыға баспен пас берді. Месси бір-екі қорғаушыны алдап өтіп, допты алыстағы бұрышқа қарай асырып жіберді.

Бұл жеңістен кейін маусым аяқталуына үш тур қалса да «Барселона» соңғы 11 жылдағы сегізінші чемпиондық атақақ ие болды.

Айта кетейік, каталониялық клуб 26 рет Испания біріншілігін ұтып алған, «Реалдың» қоржынында 33 чемпиондық атақ бар. Ал клуб сұрмергені Лионель Месси 10 дүркін Испания чемпионы атанды.