Саясат

Бақытжан Сағынтаев: Жастардың қазақстандық өнім шығаруына бөгет болмау керек

Жастар елдің болашағы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Жастардың қазақстандық өнім шығаруына бөгет болмау қажет. Бұл туралы бүгін «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Қазақстан халқының 50 пайызы -  Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген адамдар. Жақында, 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігіне 27 жыл толады.  Боб Дорф: «Жастар елдің болашағы. Олар осы жерде қалуы, өз елдеріне оралуы тиіс. Ал біз, аға буын өкілдері олар үшін барлығын дайындауға тиіспіз» деген еді. Олар ешқайда кеткен жоқ. Олар өздері өмір сүргісі келетін елді, гүлденген, цифрландырған Қазақстанды жасап жатыр. Меніңше, біздің міндетіміз оларға бөгет болмай барлық жағдайларын жасау. Үкіметтің, Парламенттің бүкіл саясаты заңнамалық база әзірлеп, олардың ойлаған дүниелерін жасауға мүмкіндік беру», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар Үкімет басшысы жас бизнесмендерге өз өнімдерін жасауға зор табыстар тіледі.

«Біз Қазақстанда жасалған өнімнің болғанын, кейін Қазақстанда жасалған жағдайдың арқасында деп айтқанын қалаймыз. Барлық жастарға табыс  тілеймін. Бұл бастамасы ғана. Меніңше, жиі кездесіп, талқылап отырамыз деп ойлаймын. Келесі жылы біз шын мәнінде Қазақстанда мүлдем басқа деңгейде көретін боламыз», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, форумның цифрлық экономиканы дамытудың жаһандық трендтері талқыланған жалпы отырысына қатысқан Премьер-Министр «Digital Bridge» үлкен байланыстар жасалатын алаңға айналатындығын, Қазақстан тек қана цифрлық күн тәртіппен өмір сүріп жатқанын айтқан еді. Digital Bridge - Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға.

Дереккөз: inform.kz