Саясат

Назарбаев 3 мемлекетепен шекараны ратификациялау туралы заңға қол қойды

Сонымен қатар Қазақстан-Қырғыз шекарасын шегендеу туралы шартты мақұлдау туралы Заңға қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстанмен шекараны ратификациялау туралы заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен бірге Президенттің "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты мақұлдау туралы" Заңға қол қойғаны айтылды.