САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: ашық дереккөзден
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Әсет Шопанов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Әсет Шопанов тағайындалды», – делінген сейсенбі күні жарияланған ресми хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, сот шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сондай-ақ оған жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалған. Дегенмен сол кезде облыстық басқарма басшысы қызметін атқарған шенеунік қатаң сөгіспен ғана шектелген еді.