МӘДЕНИЕТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада Жеңіс күні мен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ерекше патриоттық жоба жүзеге асты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Шараға шығармашылық үйірмелер мен мемлекеттік тапсырыс жеткізушілерінен 600-ден астам бала және 115 ұйым қатысты. Балалар жасаған жүздеген сурет бірігіп, батырдың алып портретіне айналды. Жалпы көлемі — 2736 шаршы метр, ал мозаиканың өлшемі — 32 метрден 70 метрге дейін. Әрбір бөлігі — баланың шын ықыласпен салған еңбегі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жай ғана көркем шығарма емес, бұл – жас ұрпақтың жүрегінен шыққан алғыс пен тағзым. Мозаика композициясы ұрпақтар сабақтастығы мен елдік рухтың көрінісіне айналды.
Қазір жоба дүниежүзілік рекордтар кітабына ұсынылып отыр. Егер рекорд ресми түрде расталса, барлық қатысушы арнайы сертификат пен медальға ие болады. Сонымен қатар олардың есімдері халықаралық жетістіктер кітабына енгізілмек.