ҚОҒАМ

БҚО-да прокурор өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Казахстанская правда

Батыс Қазақстан облысында прокурор өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 8 мамырға қараған түні өз үйінің ауласында прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Қайтыс болған адамның Теректі ауданының прокуроры қызметін атқарғаны хабарланған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

"Облыс прокуратурасы осы жағдайға байланысты көңіл айтады", – делінген хабарламада.