Саясат

Биыл қанша әскери қызметші жеке баспанаға ие болады?

Биыл 4 мыңға тарта әскери қызметші жеке баспанасын алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы бүгін сенаторлармен болған кездесуде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов мәлім етті.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің белсенді қолдауы арқылы 37 мыңнан астам әскери қызметші жеке арнайы шоттарын ашып, 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды. Ағымдағы жылы аталған банктің қатысуымен әскери қызметшілердің 2 335 отбасы еліміз бойынша жеке баспанасын иеленеді. Яғни, жеңілдікті ипотекалық займ алу жолымен баспаналы болады», - деп тоқталды Талғат Жанжүменов.

Белгілі болғандай, 950 әскери өтемақылық төлемдер алады. Сонымен қатар, қызметтік тұрғын үй қорын жекешелендіру жолымен 482 әскери қызметшіні баспанамен қамтамасыз ету ескерілген.

 «Осы арқылы 2018 жылы 4 мыңға жуық әскери қызметші отбасын жеке баспанамен қамту жоспарланып отыр. Ал 2019 жылы тек өтемақылық төлемдер арқылы 1695 отбасын, оның ішінде 76 әскери зейнеткерді қамтамасыз ету жоспарға енгізілді», - деп нақтылады Қорғаныс министрінің орынбасары. Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша әскери қызметшілерге жеңілдетілген займ берілетіні айтылған болатын.

Дереккөз: inform.kz