Саясат

Қазақтың тұңғыштары туралы білесіз бе?

XV-XX ғасыр аралығындағы ұлтымыздың тұңғыштары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірінші хан - Керей хан Болатұлы (1465-1473)

Бірінші ойшыл - Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV - XV ғ.ғ.)

Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524).

Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776) 

Бірінші дәрігер - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492).

Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан.

Бірінші шешен - Жиренше шешен (XV ғ.)

Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?!

Бірінші тарихшы - Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605)

Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)

Ұлы жүздің бірінші ханы - Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740)

Орта жүздін бірінші ханы - Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734)

Кіші жүздің бірінші ханы - Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748)

Бірінші батыр қыз - Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы)

Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы - Сырым батыр Датұлы (1783-1797)

Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан - Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған)

Бірінші зерттеуші-ғалым - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)

Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы - Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Жоғары білім алған алғашқы қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)

Екі жоғары білім алған бірінші қазақ - Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген)

Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы - Әліби Жангелдин (1884-1953)

Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы - Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.)

Бірінші журналист - Нәзипа Құлжанова (1887-1933)

Бірінші елші, дипломат - Нәзір Төреқұлов (1892-1938)

Бірінші режиссер - Жұмат Шанин (1892-1938)

Бірінші әйел-мұғалім - Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)

Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым - Қаныш Сәтбаев (1899-1964)

Алғашқы суретші Шоқан Уәлиханов, Ал тұңғыш кәсіби суретші - Әбілхан Қастеев (1904-1973)

Тұңғыш кәсіби мүсінші - Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009)

Бірінші әйел-дәрігерлер - Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген)

Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы - Мұхамеджан Сералин ("Айқап", 1911-1915 ж.ж.)

Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ - Қажы Мұқан Мұнайтпасов (1909 ж.)

Роман жазған тұңғыш қазақ - Міржақып Дулатов ("Бақытсыз Жамал", 1910 ж.)

Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған - Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.)

Бірінші биші - Шара Жиенқұлова (1912-1990)

Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі - Әлихан Бөкейхан (1917-1920)

Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған - Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.)

Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі - Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.)

Бірінші ұшқыш - Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)

Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты - Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992)

Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақтар - Нарсүтбай Есболатов, Әлиасқар Қожабергенов, Әліпбай Қосаев, Мұсабек Сеңгірбаев (Олардың бәрі 1941 жылы Мәскеуді қорғаған)

Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ - Талғат Бигельдинов (1944 ж., 1945 ж.)

Бірінші спорт шеберлері - Ш. Бекбаев (жеңіл атлетика, 1943 ж.), Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.), әйелдер арасында - Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.), А. Муслимова (шахмат, 1965 ж.)

Социалисттік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақтар - Асайынов (1943), Рысқұлова (1947), жазушылар арасында - Ғабит Мүсірепов (1974), дәрігерлер арасында - Ысқақ Әлібеков (1969).

Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ - Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.)

Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ - Алжан Жармұхамедов (баскетбол, 1972)

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан ересектер арасында тұңғыш Әлем чемпионы және екі дүркін Әлем чемпионы - Шәміл Серіков (1978, 1979)

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Назарбаев

Бірінші қазақ ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров

                                                                                                 Сурет авторы: aikyn.kz