Саясат

Энергетика министрі: Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім

215 млн?

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның  бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа Bugin.kz сілтеме жасап.

«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», – деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті.

«Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол – тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», – деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын.