Спорт

УЕФА-ның тергеу тобы «Манчестер Ситиді» шеттетуді талап етті

«Қалалықтар» үшін жағымсыз жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Манчестер Сити" клубы қаржылық ережелерді бұзғаны үшін еурокубоктердан ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін.

2014 жылғы тексерістер кезінде "қалалықтар" жалған мәліметтер берді деген айып тағылуда. Сол кезде қаржылық фэйр плэйді бұзғаны үшін клубтың шығындарын шектеп, Чемпиондар Лигасынан шеттетілген еді. 

Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Ив Летер бастаған сарапшылар тобы сәуірде "Манчестер Сити" өкілдерімен кездесті. Алайда ағылшындықтардың дәлелі оларды қанағаттандырмады.

Сол себепті сарапшылар тобы ағылшын клубының кемінде бір маусымға еурокубоктердан шеттетілуін талап етеді, – деп хабарлайды NYT.

Айта кетейік, "Манчестер Сити" 2018/2019 жылғы Ағылшын Премьер-Лигасының чемпионы.