Hi-Tech

Өзбек пойызы әлем назарында

Ең жылдам жиырмалыққа кірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

GoEuro басылымы «Global High-Speed Train Ranking» рейтингін жариялады. Оның ішінде әлемдегі ең жылдам 20 пойыз тізімі көрсетілген. Назар аударатын мәселенің бірі, Орталық Азиядағы елдердің ішінде жалғыз Өзбекстанның жүрдек пойызы бұл тізімге енген.

Тізім бойынша, өзбектердің жүрдек пойызы 17-орында тұр. Басылым мәліметінше, Өзбекстанның жүрдек пойызы 255 км/с жылдамдықты көрсеткен. Елдегі теміржол инфрақұрылымында жыламдық көрсеткіші 8,21% құрайды. Аталған пойызға халықтың әр шақырымға 0,81 евро төлеу арқылы 9,01 % қол жеткізе алады.

Бұл тізімде көшбасшылар: Жапония, Оңтүістік Корея және Қытай. Өзбекстан АҚШ, Финляндия мен Норвегия секілді елдерді артта қалдырған.