Саясат

Еуроодақ Орталық Азияға қатысты жаңа стратегия қабылдады

Орталық Азияның бес мемлекетімен серіктестікті күшейтпекші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропалық комиссия және Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы төрағасының бірлесіп қабылдаған мәлімдемесінде Орталық Азияның бес мемлекетімен мықты серіктестіктің жаңа көрінісі туралы айтылған.

"Орталық Азия өз тарихы, өз мәдениеті үшін және Шығыс пен Батысты байланыстыратын рөліне байланысты, қашанда маңызды аймақ болып саналды. Қазіргі кезде ішкі және аймақтық динамика негізінде, сондай-ақ, жаһандық қауіптердің өсуіне байланысты оның стратегиялығы одан сайын артуда. Бұл серіктестікті нығайтуды талап етеді", – деп айтты Жоғарғы төраға Федерика Могерини.

Бірлескен мәлімдемеде Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы болашақтағы қатысуын екі аспектіге негіздеу керек деп жазылған:

– Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі және сыртқы қауіптерге қарсы тұру қабілеттерін нығайту және олардың реформаларды жүргізу қабілеттерін арттыру арқылы, тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған серіктестік.

– тұрақты байланысқа көмек беру, жастарға инвестиция құю, сондай-ақ экономикалық модернизацияны қолдау арқылы өркендеуге арналған серіктестік.

Еуроодақта Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастыққа инвестиция жасайтынын мәлімдеді. Осы арқылы аймақтағы мемлекеттерге өздерінің деңгейіндегі сұхбат пен ынтымақтастықты дамытуға көмектеспекші.