Спорт

Лэмпард «Челсидің» бас бапкері болуы мүмкін

Өзі шыққан клубқа бапкер болып қайтып келеді ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Челсидің" бұрынғы ойыншысы Фрэнк Лэмпард Маурицио Сарриді лондондық команданың бас бапкері лауазымында ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы Sport Mediaset хабарлайды.

Сарри "Челсидің" бас бапкері болып өткен жылдың жазында тағайындалған болатын. Италиялық маманның басқаруымен елордалық клуб Англия біріншілігінде үшінші орынға табан тіреп, англиялық лига Кубогының финалына дейін жетті. Сондай-ақ, 29 мамырда Бакуде өтетін Еуропа лигасының финалында лондондық "Арсеналмен" ойнайды.

Айта кетейік, жуырда итальяндық БАҚ "Челсидің" иесі Роман Абромович Сарриді жұмыстан шығаруы мүмкін деген мәлімет таратқан болатын. Қазіргі уақытта Лэмпард Чемпионшипте ойнайтын "Дерби Каунти" клубын жаттықтырады.