Weekend

Бүгін қос ақын «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алған күн

2005 жылы құрметті атақ берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан 13 жыл бұрын, яғни 2005 жылдың 12 қарашасы күні қазақтың маңдайына біткен қос ақыны Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиевке «Қазақстан халық жазушысы» құрметті атағы берілген болатын.

 

1935 жылы 5 қаңтарда БҚО, Жымпитыда дүниеге келген Қадыр Мырза Әлі 2011 жылы 24 қаңтар күні дүниеден озды. Көзі тірісінде қазақ әдебиетіне, поэзия өнеріне үлкен үлесін қосқан ақынның өлеңдері әлі жұрт аузында жүр. 

 

Ана тілің біліп қой,

 

Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
 
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

 

Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. 2011 жылы 10 қазан күні дүниеден озды. Қос ақын бір жылда дүниеге келіп, бір жылда қайтыс болды. 

Өткен күндерге хат жаздым,
Өшіп қалмасын оты деп.
Іздейді, мүмкін, хат жазды
Арманға толы көкірек.

Тағдырым, мені жүдетпе,
Биіктеп ұшсын нар құсым.
Қартайған қайсар жүректе,
Жігіттің оты, бармысың.

Бітпеген әні, әуені,
Жігіт едім ғой мен күшті.
Бес жапырағым бар еді,
Бір жапырағым желге ұшты.

Құлатып алдым ай, күнді,
Жылады жаным еңіреп.
Көтерісті ауыр қайғымды,
Сүйеді елім мені кеп.

Найзағай соққан қарағай
Орманда осы аз ба, әттең.
Жаңа аяқтанған баладай
Жүремін құлай жаздап мен.