Weekend

Қазақстанға Ресейдің аязы келді

“Қазгидромет” РМК мамандары 13-15 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мамандардың хабарлауынша, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға жылжыған кең алқапты және күшті антициклон республиканың барлық аймағында айтарлықтай суық тудырған. Жексенбі күні ауа температурасының ауытқуы осы маусым үшін 3-8 градусқа төмен болды, ал солтүстік және шығыс облыстарда 10-15 градусқа төмен болды. Тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температура жоғарылады. Бірақ антициклонның шығысқа жылжуы мен созылмалы суықтың енуіне байланысты алдағы тәуліктерде бұл аудандарда да айтарлықтай салқын болады.

Болжам бойынша алдағы үш тәулікте антициклонның әсеріне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суық әрі жауын-шашынсыз болады.

Бірақ 15 қарашада күндіз ауа температурасы аздап жоғарылауы мүмкін, – делінген “Қазгидрометтің” хабарламасында.

Астанада 13 қарашада күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан жел екпіні секундына 7-12 метрге жетеді. Түнде 14-16, күндіз 6-8 градус аяз болады. 14 қарашада да күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан секундына 3-8 метрге жететін жел соғады. Түнде 11-13, күндіз 4-6 градус аяз болады. 15 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 3-8 м/с жел соғады, түнде 9-11, күндіз 3-5 градус аяз болады.

Алматыда 13 қарашада күн бұлтты, түнде және күндіз қар жауады, тұман түседі, 0-5 м/с жел соғады, түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз болады. 14 қарашада күн ала бұлтты болады, бірақ жауын-шашын жаумайды, секундына 5 метрге дейін жететін жел соғады, түнде 12-14, күндіз 3-5 градус аяз болады. 15 қараша күні жауын-шашын болмайды, күн бұлттанып, 0-5 м/с жел соғады. Түнде сынап бағанасы 9-11 градус аязды, күндіз 0-2 градус аязды көрсетеді.