Саясат

Араб елдері Иранға қарсы бірікті

Араб мемлекеттерінің лигасы бір шешімге келген секілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Араб елдері Иранға қарсы іс-қимылда Сауд Арабиясымен ынтымақтастықта боламыз деген шешімге келді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Араб мемлекеттерінің лигасы Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің, мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан кейін өз мүдделерін қорғау құқығын қолдады. Тек Ирактың өкілдері ғана қарсылық білдірді: олар одақтастарын қақтығыс пен соғысты болдырмау үшін, Тегеранның ішкі істеріне араласпауға шақырды.

26 мамыр күні Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Парсы шығанағы елдеріне шабуыл жасамау туралы пактіге қол қоюды және теңдестірілген қарым-қатынасты құруды ұсынған болатын.