Спорт

Джошуа әлем чемпиондығынан айырылды

Онымен қоса төрт белбеуінен де айырылып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британдық ауыр салмақтағы боксшы Энтони Джошуа, америкалық Энди Руистен жеңіліп, өз салмағындағы төрт тұжырымдама бойынша әлем чемпионы деген атақты қорғай алмады.

Руис 29 жастағы Джошуаны жекпе-жектің жетінші кезеңінде нокаутқа жіберді. Британдық соққыларға шыдамай, бірнеше рет құлағаннан кейін, төреші техникалық нокаут болды деген шешімге келді.

Осылайша, Руис Бүкіләлемдік боксер ұйымы (WBO), Халықаралық боксер федерациясының (IBF), Халықаралық боксер ұйымының (IBO) және Бүкіләлемдік боксер ассоциациясының Super деген атағы бар чемпиондық белдіктерінің иегері атанды.

Бұл Джошуа үшін алғашқы жеңіліс. Бұған дейін ол 22 жекпе-жекте, 22 рет жеңіп, оның 21 - ін нокаутпен аяқтаған.