Спорт

Роналду мен Мессисіз «Алтын доп»: кімге бұйырады?

Күтпеген жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси және туриндік "Ювентус" форварды Криштиану Роналду "Алтын доп" сыйлығына үміткерлердің үштігіне кірмеді, - деп хабарлайды The Sun.
 
Британиялық таблоид ақпаратынша, дауыс беру процессі әлі жүріп жатыр. Алайда ақпарат әлден әлеуметтік желіде тарап кетіп, аралық қорытынды бойынша, соңғы жылдардағы ең үздік екі футболшы топ-3 тізімге де енбеген. Бұған бір себеп Месси мен Роналдудың әлем чемпионатында көзге түспеуі. 
 
Франциялық журналист Эрик Мамрутаның сөзінше, аталған сыйлыққа басты үміткерлер тізімінде "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич (жақында ФИФА-дан үздік футболшы сыйлығын алған), оның командаласы Рафаэль Варан және Килиан Мбаппе бар (ПСЖ). 
 

Еске салайық, Роналду мен Месси соңғы он жылда "Алтын допты" кезектесіп алып келген - бес-бестен. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық Кака алған.

Дереккөз: Vesti.kz