Саясат

38-параллель сызығы: қос ел шекара бекіністерін тарата бастады

Достастық туы желбірей берсін!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1953 жыл есіңізде болса, «38-параллель сызығы» таңсық емес тарих. Себебі, дәл осы жылы тұтас Корей елі Оңтүстік және Солтүтсік ел ретінде бөлінген. Аталған аймақтан әскерін алып кетіп, соғысты тоқтатқанымен бүгінгі күнге дейін ол жерде қос тараптан 2 миллионға жуық әскер шоғырланып келген.

КХДР басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин арасындағы қырғи-қабақ танытқан саяси текетірестің тірсегін сындырған күн де туғанын әлем жаппай тамашалады. Өзара ынтымақтастықты қолдаған және бірінші болып «достық қолын» ұсынған Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен де кездесіп, әлем назарын аудартқанын жақсы білеміз.

Екеуара келісмдерден кейін шекара аймағынан 14 жерасты миналары және  187 түрлі әскер қарулардың түрлері алынып тасталды. Енді міне, Сеул мен Пхеньян шекара аймағында орналасқан 20 бекіністі таратып жатыр.

Бұл шешім 11 қараша күні жүзеге асты. КХДР аймағында – 160, Оңтүстік Кореяда – 60 шекара бекіністері болған. Негізгі шекаралық аймақ Пханмунджон ауылы. Мұнда екі ел арасындағы саяси сұрақтарға байланысты мәселелер қарастырылып келген. Алдағы уақытта аталған бекіністі қарусыз 35 әскери қызметкер қалады. Олар тек бейбіт келісімдер жасауға араласады деп үміттенуде.