Экономика

"Қорғас" кеден бекетінен өтетін қол жүгінің салмағы 2 есеге азайды

1 қаңтардан бастап жүзеге асады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша еліміздегі кеден бекеттерінен өтетін қол жүгінің салмағы 2 есеге дейін азайтылып, 25 келі болады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның хабалауынша, 1 қаңтардан бастап Қазақстанның кеден бекеттерінен өтетін қол жүгінің салмағы 2 есеге дейін азайтылды.

Олардың мәліметінше, бұл кедендерде жалданып тауар алып өтуге тырысатын адамдардың бірден көбеюіне әкелуі мүмкін.

«Бүгінде "Алтынкөл" кеден бекетінде кептелген саудагерлердің жаға жыртысуына жалдамалы жұмысшылар себепкер. Мәселен, «Алтынкөл» кеден бекетінде арзан тауар іздейтіндер көп екені айтылады. Өткен аптада 5800-ге жуық адам кеден арқылы "Қорғас" сауда аймағына өткен. Бірақ олардың бәрі алыстан арнайы келген турист емес. Кеден асатындардың басым бөлігі - салықсыз тауар алып шығуға жалданған жергілікті делдалдар», -дейді шекара бақылаушылары.   

Кеденшілердің айтуынша, тауар тәркілеу, әкімшілік хаттама толтыру сынды қатал шараларға барғандықтан, жалдамалы жандардың саны сәл де болса азайды. Биыл 10 айда мыңнан аса қымбат құндыз ішік, жарты тоннадан астам тыйым салынған дәрілік заттар, екі мың ұялы телефон тәркіленген.

"Алтынкөл" кеденінің бас маманы Бекен Нұрахметовтың айтуынша, алып өтетін тауардың салмағы 50 келі, кедендік құны 1,5 еуро болса, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып өтетін тауар салмағы 25 келі, кедендік құны 500 долларға азаяды.

"Қорғас" кеден бекетінен күніне орташа есеппен 40 тоннадан аса қол жүгі өтеді екен. Ал қалыпты көрсеткіштен көбейіп кеткен қол қапшықтағы бір келі зат үшін 4 еуро төленеді. Бекеттегі бақылауды берік етудің арқасында мемлекетке тек қол жүгінен күніне 1 миллион теңге шамасында табыс түседі. Бекет бақылаушыларының айтуынша, тауарды тегін алып өту салмағы тағы да төмендейтіндіктен, кеден кірісі көбеюі мүмкін.