Саясат

Макрон айта береді немесе Путин қолдай салды ма?

Жалпы Еуропалық армия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірер апта бұрын ғана Франция президенті Эммануэль Макрон НАТО-дан тыс АҚШ билігінің және  әскерінің күші жүрмейтін «Жалпы Еуропалық армия» құруы керектігін ұсынған болатын. Ұсыныс отыз тістен шығысымен батыс басылымдары әр тарапқа жүгіртіп жаза бастады, қолдай бастады, күмәнмен қарай бастады.

Ең қызығы Макронның мұндай ұсыныс айтуына әлемдік саясаткерлер мен еуропалық шенеуніктер «не дейді?» деп мойын бұра қоймас. Себебі, жыл сайын НАТО мәселесіне, Еуропа мен АҚШ арасындағы саяси көзқарастарға келгенде бұл қозғала беретін, жауыр болған тақырып деп қарайды. Тек президенттің ұсынысты мәлімдеу кезіндегі жалынды сөздері бой көтергені болмаса, «шу» ете түскен олар жоқ.

Сонда кім қолдайды?

Путин. Ресей президенті Макронның айтқан ұсынысын қолдап, тіпті өзінің ойын барынша ашық жеткізуге тырысқан. Оның айтуынша, Францияның бұл жоба барысында үлкен рөл ойнайтыны, сонымен қатар, НАТО-дан бөлек армия құруға Еуропаның мүмкіндігі бар-мыс.

АҚШ-тың санкциясына жауап беруден гөрі, үнсіз ғана іс тындырып жатқан көрші Ресей елінің соңғы жаңалықтарына үңілсеңіз, Трамптың тісі батпай жатқандай. Үндістанмен рубль арқылы с-400 қаруын сатуы, Қытаймен де осындай келісімге келуі мүмкін деген ақпарат тарады. Әліптің артын бағайық, Макронды қолдаған Путиннің бір ойлағаны бар шығар.