Weekend

Əлемдегі ең жас мамандықтар

Болашақта маңызды саналатын ТОП-10 мамандықтар тізімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамзат тарихында мыңдаған мамандық пайда болды және жоғалып кетті. Қазір шарманшылар, оятқыш адамдар немесе құбыр тазартқыштар туралы кім есіне алады? Ешкім де...Ал бүгінгі күндегі əлемдегі ең жас мамандықтар қандай? Көз жүгіртейік.

1. "IТ мамандары". Компьютерлендіру ғасыры көптеген жаңа мамандықтарды туғызды. Мұнда бағдарламашылар, вебмастерлер, оңтайландырушылар, тестілеушілер және тағы да басқалар жатады.

2. Робототехника бойынша мамандар. Болжам бойынша алдағы уақытта 60-70% қол жұмыстарын арнайы робот машиналар істейтін болады. Қазір кей қонақ үйлерде әкімшінің орнына компьютер құрылғысы келцшілерді қарсы алады. Немесе "тірі жүйелердің" сәулетшісі, биотехнология саласында жұмыс істейтін адамдар осылай аталады. Генетикалық кеңесші, оның міндетіне ДНҚ және басқа да тесттерге талдау жүргізу кіреді.

3. Киберпротездеу шеберлері. Бұл сирек және өте жас мамандық. Қарапайым тілмен айтқанда, компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, протездер мен құрылғыларды жасайтын адамдар.

4. Виртуалды әлем дизайнері. Компьютерлік ойындар танымал емес. Керісінше, ғылым тірі киноны еске түсіретін виртуалды шындық залдарын жасау үшін жұмыс істейді.

5. Нанотехнологиялар бойынша мамандар. Тағы бір жас және болашақтың мамандығы.

6. Космогеолог және космотуризм менеджері. Бірнеше жылдардан соң басқа планеталарға ұшу да шетелге сапар сияқты болады.

7. Mind-фитнес жаттықтырушысы. Бұл адамдар жадты жақсартқысы келетіндермен жұмыс істейді, миы мен зияткерлік қабілетін арттыруды жүзеге асыратын болады.

8. PR-мамандар, интернет-маркетологтар, копирайтерлер және желі мен адамдарға қызмет көрсететін өзге де маман иелері. Жарнама, слогандар, әлеуметтік желілердегі мәтіндерді, бейнелерді жасаушылар болашақта үлкен сұранысқа ие болмақ.

9. Тайм-брокер. Көп адамдар фрилансқа кетеді, яғни ғаламтор арқылы қашықтан жұмыс істейді. Тайм-брокерлер-бұл мамандардың қызмет көрсетулері мен уақытын сататын адамдар.

10. Трендвотчер. Әлемдік трендтерді қадағалауға және бұл туралы тапсырыс берушіге хабарлауға дайын адамдар үшін тамаша жас мамандық. Сондай-ақ, ең жас мамандықтар тізімінде дайверлер, трюфель жинаушылар, қоғамдық мәселелер краудсорсингі бойынша мамандар, нейроинтерфейстерді жобалаушылар, жасанды интеллектпен жұмыс істейтін мамандар бар.