Weekend

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды

Сара Ахметқызы 90 жасында дүниеден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

90 жасында дүниеден озған танымал қазақстандық саясаткердің қарындасымен қоштасу Алматыда өтеді.

Алматыда 13 қараша күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Сара Ахметқызы Қонаева қайтыс болды.

Бұл туралы отбасының досы – Қазақстанның құрметті ұшқышы Мақаш Әбішев хабарлады.

Сара Ахметқызымен қоштасу 14 қарашада, сағат 11.00-де Пушкин көшесі, 50 мекен-жайында өтеді.

Сара Ахметқызы 91 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 1944 жылы 17 жасында Алматы қаласындағы Орталық телеграфтағы жедел хат жіберу бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы Алматы медицина институтына түсіп, 1953 жылы бітірді.  1956 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі емханасының бактериологиялық зертханасында еңбек етті.

Дереккөз: sputniknews.kz