Weekend

Рэппен айтысып жүрген «Дат» жастары туралы білесіз бе?

Дат айтқан билердің ұрпағы даттасып жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ тілді жастардың аудиториясын кеңейту, олардың қазақ тіліне деген құрметін ояту үшін қазір елімізде түрлі жобалар мен бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік жобадан бөлек жастардың өздері бас болып, білек сыбана кіріскен секілді. Тек заманауи болуға ұмтылған жастардың келесі бір жобасын түсіне алмадық.

Youtube әлеуметтік желісінде "Дат" атауымен жарық көрген рэп-айтыс қазір жастар арасында трендтке айналып кетті десек артық айтқанымыз емес. Әңгіменің жібін өзіміз тарқатқанша, «Дат» жобасының авторы «Yqlas films» компаниясының директоры, ақын Ықылас Тұрсынбекұлымен болған сұқбатты ұсынсақ.

- "Дат" қандай жоба?

- "Дат" – ең алдымен қазаққа керек жоба.

- Неге "Дат"?

- Қоғамда мақтау болған жерде даттау да болуы керек емес пе?! Инь-янь секілді десем түсінікті болар.

- Бұл жоба орыстың "Versus" жобасының жалғасы не көшірмесі емес пе?

- Шынын айтайын ба, сөз бәйгесі, айтыс ұғымы орыстан бұрын, қазаққа жақын. Ол ол ма, Версустың өзі американдық рэп баттл алаңдарынан бастауын алады. Ал оның жанында қазақ нағыз сөз талас өнерін ежелден таңдайына сіңірген халық. 

Жобаның негізгі мақсаты қазақ тіліне үлесу қосу ма әлде коммерциялық бағытта даму ма?

- Басында айтып өткенімдей, Дат ең алдымен қазаққа керек, қазақ тілді жоба. Ал қазіргі қазақ Ютубының жағдайы мәз емес. Оны көзіміз көріп жүр. Көрермен бар, көрсетілім жоқ. Демек бос жатқан алқап. Коммерцияның өзіне еңбектену қажет қой.

- Рэп айтыстың бәрі бейәдеп сөздермен жүруі керек пе? Жалпы сіздер жақтан қадағалау бола ма?

- Бейәдеп сөз, бұл күнделікті қоғамның айнасы, әрқайсымыз куәгерміз. Шындыққа бетпе- бет қарай алсақ болғаны. Ал ол жердегі боқтық сөз, рэперлердің толыққанды ойын, бүкпесіз жеткізуі болып табылады. Жасындылықтан аулақпыз, қысқасы. 

- Бүгінгі қазақ айтысының жаңа бір көрінісі ретінде таныстырып жүрсіздер. Дәстүрлі айтыстан ерекшелігі домбырасы ғана жоқ па, жалпы тарқатып өтсеңіз?

- Айтыс қазақта болған, және болады да. Тек оны жастарға басқаша форматта беріп көргім келді.

- Жобаның негізі аудиториясы кімдер?

- Аудитория легі жастар яғни.  Әсілінде қазақ тілі рэпке көркем үйлеседі. Оның үстіне жастарға бүгінде өтімді дүние ол - рэп. Жасыратыны жоқ рэп көше мәдениетін дәріптейді. Ал қазақ тілі ол дала тілі. Біздің де мақсат сол, көше мәдениетін бере тұра, дала тілінің дархан колоритін дәріптеу. Қазақилыққа дәріптеу. Бұл XXI ғасырдағы қазақтілді контентмейкерлердің басты мақсаты болуы қажет. 

«Дат» жобасына дат айтып жатқандарды, жазып жатқандарды көрдік. Не дейсіз?

- Иә. Әрине. Бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Әр кімнің әр нәрсеге әр түрлі талғамы бар. Ұнатпаса, қарамасын. Себебі ұнатқандар да жоқ емес. Яғни біздің мақсат көп ішінен өз аудиториямызды сұрыптау. Және айна қатесіз таза сөз жекпе жегін көрсету.

- Қазақ жастарына ұлттық идеологияны сіңірудің жолын қалай ұсынар едіңіз?

- Ұлттық идея XXI ғасырда, түрлі қақтығыстармен соқтығыстарға тап болып отыр. Қой терісін жамылған өзге елдің суб мәдениеті, тілі ғана қазақша контентпен ел арасында желдей гулеп жүр. Қазақ аудиториясы сондайлық аш, тіпті қалаған контентті бас салып, жеп жатқаны тағы бар. Әсіресе Кәріс пен Америка, одан қалды Еуропаның ертең күні қан құстыратын суб мәдениті бүгінгі қазақ жастарының санасына орнығып та үлгерді. Дәл осы тұста біздің жобаның да ерекшелігі сол, тілі ғана қазақша емес, жалпылама жобаның қазақ колоритіне негізделіп жасалғаны. Қазақта рэп бар. Ол баяғыдан болған. Жыраулар поэзиясы соның айқын дәлелі…

- Сұқбатыңызға рақмет!