Weekend

Димаштың бағын Қазақстан мен Ресей аша алмайды

Қазақ азаматының айтқаны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында ғана еліміздің беделін асқақтатып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ресей жерінде ән салды. Крутоймен бірге ән шырқаған Димаштың атын аспандату үшін БАҚ өкілдері "Димаш Ресейде Куртоймен бірге ән салды" деген тақырыппен ақпарат берді. Жүз шақты миллионды емес, миллиардты мойындатып қайтқан қазақ баласының көрші елде ән салуын өзгеше бағамдаған қазақ азаматы пікірін әлеуметтік желі арқылы білдіріпті.

 

«Димаш, сен маған ренжи көрме, бірақ осы Ресейде не басың қалды? Ресейде жетістікке жету сен үшін арман ба еді?

Сен жаһандық деңгейдегі жұлдызсың. Сенің орның Кремльдің сахнасы емес, әсте.

Керісінше, ол жерден қаш. Табаныңды жалтырат. Менің ақылымды тыңдасаң, ендігі жерде Ресейдің ешбір жобаларына қатыспа.

Олар үшін сенің еш құндылығың жоқ. Сенің өнеріңді бағалайтын орта Ресей емес!

Ол жақта не жоғалттың, айтшы? Ресей әлемдік ән өнерінің алтынқазығы деп ойлайсың ба? Жоға!

Сосын, Крутой деген кім? Ешкім де емес. Жаһандық деңгейде елеусіз ғана біреу.  Мұндай ұсақ-түйекке алданба Димаш!

Қазақстанда да қалмай-ақ қой. Алдағы 10-15 жылыңды шетелде өткер. Бағыңды шетел ашсын.

Бізде жүрсең, өсек-аяң, той-томалақтың, саяси науқандардың дырдуына түсіп деградацияға ұшырайсың. Мұның саған не керегі бар?», – дейді автор.