Саясат

2025 жыл: Орта Азияның «ақылды қаласы» – Ташкент

7 жылдан кейін Өзбектер озады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта Азиядағы ықпалды елдерді атай қалсақ Қазақстан мен Өзбекстанды атауға болады. Көрші елдің экономикалық өсуі мен ішкі өнімінің пайыздық көрсеткішіне салсақ, біз алдыда тұрғандай көрінеміз. Әрине, солай. Дегенмен, Ислам Каримов саясатынан кейін қайта өрлеу кезеңіне түскен өзбек ағайындардың бүгінгі Шоқ жұлдызы президенттері – Шавкат Мирзиеев.

Президент тағына отырған күннен бастап елдің ішкі және сыртқы экономикасы мен саяси жүйесіне тікелей әсер етіп, үлкен реформалар жасауға ат басын бұрған президент, әлемдегі ең ықпалды және елінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен президент ретінде үздік ондыққа кірді. ТМД немесе Орта Азия емес, әлемдегі ең үздік ондыққа енді.

Күні кеше ғана Өзбекстан астанасы Ташкент қаласын қайта құру және жобалау бойынша үлкен кеңес өтті. Кеңес барысында Ташкент қаласы алдағы 7 жыл ішінде адам танымастай өзгеретіні туралы ақпарат айтылды. Ақпарат тек бергі жағы, 2025 жылы Ташкент тек өзін елінің ғана емес, Орта Азиядағы «ең ақылды қала» деген атаққа ие болады деп отыр. Бұл туралы қаланың жаңа жобасын жобалаушы авторлар айтып берді.