Weekend

«Басыма күн туған сәтте мені халық қорғады» Ринат Зайытов жұртқа рақметін айтты

Ақын митингіде қолдау білдірген жұртына алғысын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ринат Зайытов Алматыдағы митингілер кезінде қолдау білдіріп, соңынан ерген жұртқа алғысын білдірді.

"Ардақты ағайын мен жер бетіндегі ең бақытты ақынмын. Басыма күн туған сәтте мені Халық қорғады. Осы жазбаны жазып көзіме жас толып жылап отырғанымды сіздер әрине көрмейсіздер. Ештеңе етпейді. Мен двдның ішінде отырғанда сіздер далада мені қорғап тұр деп естігенде төбемнен жай түскендей болды. Жүрексіздерге жем болып жатқан жазықсыз жұртының мұңын жоғарыға жеткізе алмай жүрген жаман ұлын Халық осылай сақтайды деп кім ойлаған?", - деген айтыскер халқына алғыс білдірді.

"Рақмет сіздерге!!! Бәріңізге өмірлік қарыздармын! Алғысымды жеткізетін сөз таппай қиналып отығаным ай... Бар шаруасын ұмытып, басын бәйгеге тігіп келген сіздер нағыз батырсыздар! Бәріңізге Алланың нұры жаусын! Мені танымаса да Ринатым деп келген адамдар, достарым, әріптестерім, туыстарым, бауырларым, Ант етейін сіздерді ешқашан сатпаймын! Ғұмырым жеткенше сіздердің сөздеріңізді сөйлеп, сіздер үшін ештеңеден тайсалмаймын! Мен сіздерге өмірлік қарызбын ағайын! Барлығыңызды құшақтадым. Аман болайық. Сүйемін сіздерді!", - деп жазды Ринат Зайытов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 10 маусымда Зайытовтың "Алматы Арена" маңындағы алаңда ұсталып, кейін ол өзінің босап шыққанын айтып, халықты сабырға шақырған видео жариялаған болатын.