Саясат

Алтынай Жорабаева: Қамалған халықты босатуды сұраймыз!

Қазақ тарихында ерекше дарын иелері – әншілер, көркемсурет мамандары, ақын-жазушылар саяси қозғалыстар мен дүрбелеңдерге баға беріп, халқымен бірге жасап отырғаны белгілі. Баянымен «Қоянды» жәрмеңкесінде сызылтып ән салған Майра Уәлиқызы, көпшілік қаумалап ән сұрағанда тосылмайтын Нартай Бекежанов, Біржан сал, Ақан сері, Әсет Найманбайұлын бұл санаттан емес деп айтуымызға ауыз бара ма? Әрине, жоқ! Себебі, қарашы халық көбіне сөздің аталысын, сеңдей соғылған өткелектерде мәселенің жөн-жосығын ел қошеметі мен марапатына бөленгендерден күтеді. Бұл үрдіс, әсіресе, ҚР президентін сайлаудан кейінгі күндерде қатты байқалды. Саяси дискуссияда қайшылықтан туындаған ықпал сахнаның еркесі, ерекше дауысты әнші, Қазақстан атын халықаралық байқауларда биікке көтеріп жүрген Алтынай Жорабаеваны да айналып өтпепті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Саржайлау», «Өмір өзен», «Перзент парызы», басқа да әндерімен халық жүрегінен орын алған өнер иесін әлеуметтік желіде толассыз айыптаулар, жазғырулар шаш етектен. Соған орай, Алтынай Жорабаева наразылықта үнсіз қалдың деп өзін сөккендерге жауап қатты.

Елде болып жатқан жағдайларға байланысты , "үнсіз қалдың", "жағымпаз" , " прости-ка" деп басталатын пікірлер жалғасуда. "Әншілер айтпайды, әншілер жеткізбейді". Мен үнсіз қалсам, үйімде дұғада отырмын- деп бастадысөзін жазбада әнші.

Ал «Нұр Отаншыл» деп жазғырғандарға қатысты Алтынай Жорабаеваның сөзіне сенсек, ол «Нұр Отан» партиясының құрамына құрдан-құр тіркелмеген.«Мен саясаткер емеспін . Мен көп балалы , жалғызбасты анамын, әншімін. Нұр Отан партиясына кіруімнің себебі:адамның санын көбейту емес , көпбалалы ананың көкейіндегі сұрақты, көп адамның жұмыссыз екендігін билікке жеткізу болды. Өнерде нағыз өнерпазды сараптау үшін көркемдік кеңес керектігін айтқым келді . Бірақ оны да айтудың жайы осылай екен деп дүрлігіп, ашуға беріліп, эмоцияның жетегіне кетіп емес, осы партияда еңбегімді көрсетіп, мәдениетті түрде жеткізгім келді» - депбаяндайды әнші.

Көп дүниені тереңінен пайымдайтын әнші Алтынай Жорабаева сайлаудан кейінгі сеңдей соғылған жұртты сабырға шақырып отыр.

- Халқым деп жатқанның жанашыр, айқайлағанның бәрі Алашшыл емес екенін түсінсек. Өткені мен бүгіні белгісіз тұлғалар келіп, халықты ханға айдап салып, бүлік шығарып, ертең елді тастап қашпайтынына кім кепіл? Қираған үй, қырылған елде қалатын Сіз бен Біз. Сондықтан, бірлікті ойлап, біліммен жеткізе білген жөн, не нәрсені болса да.


Шеру, ешқашан бейбіт болған емес!

Әнші митингке шыққан халықты ұстау, оларға қысым көрсетуді мүлдем қолдамайтындығын байқатады. Өзінің халқына бағыттаған жазбасының соңында:Жанымыз елмен бірге. Қамалған халықты босатуды сұраймыз!- дейді Алтынай Жорабаева.