Экономика

Қытайдың экономикалық құлдырауы туралы ең соңғы деректер

Қытай экономикасын не күтіп тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-Қытай сауда-саттық соғысы барған сайын шиеленісті және екі тарап та өліспей беріспейтінін көрсетті. Осы кезеңде көптеген белгілер қытай экономикасының сыр бергенін көрсетті. Қытай ұлттық бюросының жұма күнгі жариялаған соңғы статистикасы осы жылдың мамыр айында Қытайдың индустриалды қосымша құны өткен жылмен салыстырғанда 5,0%-ға артқан, ал сәуір айына қарағанды 0,4%-ға төмендеген.Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Экономистердің талдаруына сүйенсек , бұл деректер әлемдегі экспорттық держава Қытай экономикасы жаһандық сұраныстың азаюының әсеріне ұшырады. Биыл мамыр айында АҚШ-мен Қытай екі ел ілгерінді-соңды бір-біріне қаратылған кедендің тарифтерді одан ары кеңейтетіндігін жариялаған еді. Бұл жағыдай сауда-саттық соғысын одан ары күшейте түсті.

Сонымен қатар осы жылдың бастапқы бес айында бүкіл Қытайдың жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы (ауыл-шаруашылығын қоспағанда) 21,7555 трлн юаньді құрап, өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 5,6%-ке өскен, өсу қарқыны қаңтардан сәуір айына дейінгіге салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеген. Бұдан бұрын экономистердің Reuters тілшісіне берген сұхбатында бұ көрсеткіш 6,1% шамасында деп болжаған болатын.

Бірақ мамыр айында Қытайдың әлеуметтік тұтыну тауарларының жалпы бөлшек сатылымы 3,2956 трлн юань болып, номиналды өсім өткен жылмен салыстырғанда 8,6% болған. Сәуір айындағы өсім 7,2% -ды құраған. Бұл 16 жылан бергі ең төменгі өсу көрсеткіші. Мамыр айындаға Қытайдың әлеуметтік тұтыну тауарларының бөлшек сатылым мөлшері де экономистер болжаған 8,1%-тен жоғары болған. Алайда айта кетерлік бір жәйт, бұл өсімнің үлкен бір бөлімі тұтынушылардың тұтыну белсенділігінің артуына байланысты емес, керісінше жоғары инфляцияға байланысты келіп шыққан.