Саясат

Елбасы және Әбдіжәміл Нұрпейісов кездесуі

Президент жазушыны қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов мәдениет саласының қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасып, отандық әдебиетті одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.

Айта кетсек, Әбдіжәміл Нұрпейісов өткен айда 94 жасқа толған болатын. Ол 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов - Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. "Қан мен тер", "Соңғы парыз" секілді бірқатар туындылардың авторы.