Саясат

Путин Назарбаевқа қоңырау шалды

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Bugin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сонымен қатар күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.