Саясат

Алматыда Денис Тенге мүсін орнатылды

Денис Тен былтыр 19 шілде күні қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге мүсін орнатылды. Ескерткіш спортшы қаза тапқан жерге тұрғызылды. 

Денис Теннің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі - 2,4 метр. Мүсін Денистің қола медаль жеңіп алған Сочи Олимпиадасының финалдық бағдарламасын орындап тұрған сәтін өрнектеп тұр. Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысына орнатылған ескерткіш - Санк-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкиннің туындысы.

Айта кетейік, ол бұған дейін оңтүстік астанаға тағы бір еңбегін - Виктор Цой мүсінін арнаған болатын.

«Біз Оксана Алексеевнаға алғыс айтамыз, өйткені әрбір деталь, штрихына дейін соның қадағалауында болды», - дейді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев. Ол Денис Теннің анасымен біріге спортшы туралы кітап шығарылатынын, күзде оның құрметіне турнир ұйымдастырылатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Денис Тен былтыр 19 шілде күні қаза тапты. Пышақтан ауыр жараланған белгілі спортшы ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған еді. Ал оны өлтірген қылмыскерлерге 17 қаңтар күні Алматыда үкім оқылды. 

ҚазАқпарат