Hi-Tech

Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болды

izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда izi сауда маркасымен жаңа мобильді оператор жұмыс істей бастады. 

Оператордың сайтындағы ақпаратқа сай, оператор әзірге бета-тестілеу режимінде жұмыс істеуде. Клиенттер izi-дің SIM-картасын тек жеткізу қызметі арқылы ғана ала алады, курьерлік қызмет әзірге тек Алматы қаласында жұмыс істейді екен.

"izi-де қазірдің өзінде клиенттердің 99% пайдаланатын басты қызметтер бар, бірақ қызметтер тізімі көбейе түсуде", - делінеді оператордың сайтында.

izi-дің интернет, қоңырау мен SMS пакеттерін бөлек сатып алуға болады, пакеттерінің ерекшелігі – шектеу мерзімі жоқ. izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.


Zakon.kz