Саясат

Арыс: Жарылысқа Челах кінәлі

Өзіңмен Арыстың бойында таныстым, енді Арыстың бойында жаңа танысулар орын ала ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Чернобыль сериялын аяқтадым. ХХ ғасырдың алапат жарылысының зардабы 30 жыл бойы таусылмады, әлі 30 жыл таусылмайды да... Чернобыль жарылысы 26 сәуір, түнгі 1:30-да орын алса, бүгін бейбіт күннің тыныштығын бұзып, таңғы 9:20-да Арыс қаласының әскери бөлімшесінде қару-жарақ жарылысы орын алды. Қорғаныс министрлігі: Зардап-шеккендер жоқ, жарылыс сөндірілді деген түсініктеме берді. Алайда, Шүкеев Арыс қаласын толық көшіру керектігін айтты. Бұл жерде парадокс орын алады.

Қала эвакуацияланса бұл жұмыс қалай жүргізіледі? Халықты уақытша көшіре ме, әлде толықтай ма? Егер қала толық, түпкілікті көшірілсе – ел бюджетіне қосалқы жүк түседі.

Жарылыс неден орын алды? 2009 жылғы Арыстағы жарылыс ескі қару-жарақтарды утилизация барысында орын алған. Бүгінгі жағдайға себепкер болған жәйт сол болуы мүмкін.

Жарылыс неге орын алды?

Neglect яғни – халатность. Чернобыльдағы 4-ші блоктың да соңына жеткен осы. Дятловтың ісіне немқұрайлы қарауы. Бұл жағдайда да осы болуы бек мүмкін.

Жарылысқа кім кінәлі?

Челах. Әрине ертең билік, бір Челахтың суретін салатыны сөзсіз. Ол 18 жастағы, кеше ғана көктемде АНТ берген сарбаз болмаса екен.

Соңында. Осымен біздің елде АЭС салу әңгімесі тәмам.