Weekend

Әлем картасы әр елдің көзімен қарағанда

Әлем картасы олар үшін мүлде өзгеше екенін білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бала күнімізден бастап әлем картасын қолға ала салып жерді жалпақ не төртбұрыш деп ойладық. Глобуспен танысқан күннен бастап оның тек түсінік үшін жасалған карта екенін байқадық.

 

Бүкіл әлем елдерінің картасын әр ел әртүрлі көреді. Тіпті мүлде өзгеше деуге де болады. Мәселен карта жасаушы әр автор 3 негізге бағына отырып қарастырады:

1.     Батыс пен Шығысқа қаратып;

2.     Солтүстік пен Оңтүстікке қаратып;

3.     Өзге әдіс пайдалану тәсілі арқылы;

 

 

Әлемдік карта Ресей көзімен

Суретте көріп тұрғандай Батыс пен Шығысқа қарата отырып жасалған карта. Жердің өсі Мәскеу арқылы өтіп тұр. Американың қос құрлығы мен Австралия шеткі әлемді қалып қойған.

Әлемдік карта Еуропа көзімен

 Жердің өсі Лондон арқылы өтіп отыр. Ресейлік көзқарас секілді мұнда да қос құрлық пен Австралия шеткі әлемде тұр. Одан бөлек Солтүстік пен Оңтүстікты қақ жарып тұрған эквадор сызығы да төмен орналасқан.

Әлемдік карта АҚШ көзімен

АҚШ көзқарасындағы әлемдік картада жердің өсі тікелей Америка арқылы өтеді. Бұл картадан Американың Тынық мұхиты және Атлант мұхитымен көмкеріліп жатқан «арал» екенін байқауға болады. Бұл картада да жердің кіндік сызығы төмен орналасқан.

Әлемдік карта Қытай көзімен

Қытай картасында аталған ел Тынық мұхитының батыс бөлігінде жатыр. Бұл мұхит барлық құрлыққа жол ашатындықтан анық көрсетілген. Тек Африка және Еуропаны есептемеген кезде.

Әлемдік карта Австралия көзімен

Жалпы карта жасау кезінде қай ел жоғары тұрады сол басқарушы болып көрініс береді. Осыны ескерген Австралия жердің өсін ғана өзінен өткізіп қоймай, өзінің жасаған картасында барлық елден биік тұрғанын көрсеткен.

Әлемдік карта Оңтүстік Африка көзімен

Оңтүстік Африка үшін де жоғарыдағы әдіс сақталған. Яғни өздерін бәрінен биік қойған. Тынық мұхиты аумағы мен Ресей мүлде шеткі әлемді қалып қойғанын көруге болады.

Әлемдік карта Чили көзімен

Чили картасы әскери географиялық институттың тапсырысы бойынша жасалған және мектеп бағдарламасында да осы карта оқытылады. Картада Чили Тынық мұхитының ортасында орналасқан. Бұл түсінік жалпы барлық елдердің картасында бар. Себебі Тынық мұхиты барлық құрлықтарға жол салатын негізгі орталық. Сондықтан болар аталған мұхиттан орын алу және оның ортасы болу әр ел үшін маңызды жағдай.