Саясат

Қылмыстық іс: Мұхтар Әбілязовтың сыбайластары Қазақстанға оралды

Қылмыстық іс бойынша 42 адам сотталған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сырттай 20 жылға сотталған БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтің сыбайластары өз еріктерімен Қазақстанға оралды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Аса маңызды қылмыстық істерді тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов айтты.

«2017 жылдың 7 маусымында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасап, БТА банкінің 7,5 млрд доллар қаражатын ұрлағаны үшін басты фигурант Мұхтар Әбілязовті 20 жылға бас бостандығынан айырды. Қабылданған шаралардың арқасында БТА банкінен шамамен 2 млрд доллар қайтарылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған қылмыстық  іс бойынша 42 адам сотталған. Соңғы уақытта іздеуде болған 10 адам өз еріктерімен Қазақстанға келген. Олардың қатарында Жақсылық Жәрімбетов, Сәдуақас Мәмеш, Қайрат Садықов сынды БТА-ның топ-менеджерлері бар.

«Олардың барлығын сот кінәлі деп таныды. Дегенмен, кінәларын толық мойындап, тергеу амалдарына көмек көрсеткендері үшін оларға шартты түрде жаза тағайындалды. Биылғы жылғы мамырда Қазақстанға өз еріктерімен оралған 7 тұлғаға қатысты тергеу амалдары аяқталды. Олардың қатарында Әбілязов бақылауында болған «ИПГ Евразия», «Евразия Сити» және «Славинвсетбанк» компаниялары Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Артур Трофимов бар», - деді Сергей Перов.

inform.kz