Саясат

Тенгиз: Оқиғаға Байзакова кінәлі емес

Биылғы жылдың 19-шы наурызынан бастап, бүгін не болар екен деп оянатын болдық. Әр таңымыз, құстардың ән салуымен емес, әлеуметтік желіге жаппай келетін видеолармен атып жүр. Ал бүгін батыс шулады. Мәселе: Ұлтаралық сипатта

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлтаралық алауыздық биыл бірінші рет емес. Қаңтар айының басындағы Қарағандыны еске алыңыз. Бір қазақ жігітін сабаған, армяндар. Сол оқиға орын алған кезде, қаланың жігіттері жаппай түре келді. Отаным қайсарлы жігіттердің қолында, қазақ жігіттері өзге ұлтқа қазақтың намысын таптатқызбайды деп жазуға болатын еді. Жаза алмаймын. Себебі сол жігіттер, өзінің қазақ қарындастарын тонап, зорлап, алдап, түсірген әйелдерін ұрып, ажырасып, баласына алимент төлеуден қашып жүр. Олай емес пе? Дәлелдеңіз.

Кінәні біреуге арту әлемдегі ең оңай, ең көп жасалатын іс. Ал, кінәні өзінен көруге көп адам бара бермейді. Қызын ибалы, ұлын тәрбиелі еткен ұлағатты ата-ана болғанда, Тенгиздегі оқиға болмайтын еді. Америкаға барып, қара нәсілді, қазақ тілін білмейтін адамға: «мен қота...пын» - деп айтқызып, мәз болып жүрген «намысты» қазақ жігіттері, бүгін азанмен неге қазақ қызының суреті үшін намысы ояна қалды? Сол сөздің не екенін білген қара нәсілді, Америкада тұрып, сол боқтық сөзді айтқызған қазақты өлтіріп төмпештесе, мемлекет біздің халықты ойламайды деп билікке атылатын едіңдер.

Әлде біздің ұлт – Гитлердің айтқан «Великая нациясы» ма? Олай емес. Маған қарсы шықсаңдар да, Абайға қарсы шыға алмайсыңдар. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» - деген һәкіммен келіспейтіндерің бар ма? Айтыңдар. Адам – өз ұлтын таңдап тумайды. Ұлтпен мақтану – мен жексенбі күні дүниеге келдім деп айғайлаумен бірдей.

«Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» - деген сөз бар, оны да айтқан дана қазақ. Кінә ешқашан бір жақтан болмайды. ХХI ғасырда отырып алып, ХIХ ғасырдың ісін істейміз. Ал, 1 арабты 1000 қазақтың сабағаны, біздің әлсіздігімізді көрсетеді. Шын жігіт болсаңдар, Шарышты жекпе-жекке шақырған, Хан Абылай болыңдар. Намысың өртеп жатса, «раз на раз» шақырып, сындырып таста. Сол кезде Ерлікке балауға тұрар еді сол іс.

«Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызымның» кебін киіп отырмыз. Өкінішті-ақ...