Денсаулық

Шаршап жүрсеңіз, көп жұмыс жасағаннан емес

10 түрлі себебі бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, үнемі шаршап тұру артық дене еңбегі немесе ақыл-ой қызметімен айналыспаған жағдайда төмендегідей 10 түрлі себептен болуы мүмкін: 

1) Көзге шамадар тыс күш түсіруден. Әдетте адам белгілі бір затқа зейінзердесін барынша жұмсап, тесіле қарай берсе сүйек босап, аяқ-қол ұйып, дене салғырттанады. Сол үшін көзді уақ-уақ дем алдыру керек; 

2) Семіздік. Денеде май құрамы шамадан тыс артып кетсе, адам шаршағыш болады; 

3) Дене әрекетінің аздығы. Адам пайдалы дене әрекеттерімен әркез айналысып тұрмаса, бұлшық ет салғырттанып, дене мұздағыш болады. Бұл адамға шаршап тұрғандай сезім береді; 

4) Ұйқының қалыпсыздығы. Жай жатып, жай тұру адамның ұйқы сапасын бұзады. Бұл – шаршауды оңай туғызатын жағдай; 

5) Көңіл күйдің қалыпсыздығы. Орынсыз қамығу адамның рухани күйіне тіке әсер етеді де, дегбірсіздену қарбалас күй кешуге алып келеді, сөйтіп ұйқы қанбай шаршайды; 

6) Қоректік жетіспеу. Қазір адамдар жартылай фабрикат азықтарды тұтынуға әуес болғандықтан, мұндай азықтардың қоректік қуаты төмен болатындықтан, қоректік жетіспеу сипатты шаршауға алып келеді. Мұндай күйге шалдыққан науқас көкөністерді, балық, тауық, бұршақ тектес азықтарды мол жеуі қажет; 

7) Қалқанша без қызметі бұзылу. Қалқанша бездің зат алмасуы әлсіз болса, адамда мезгілсіз шаршау көп кезігеді; 

8) Сусырау. Денеде су кемшін болса, қуат төмендеп, адам шаршап тұрғандай сезінеді. Әдетте, ересек адамдар күніне 8-10 стакан су ішу керек; 

9) Дәрі-дәрмектің әсері. Несепті, психикалық күйді қалпына келтіретін дәрілерді ішкенде адамға шаршап тұрғандай сезім береді. Сонымен қатар тұмауға қарсы дәрілер мен жөтелді басатын дәрілер де осындай әсерге алып келеді; 

10) Қызмет бөлмесі күңгірт, қараңғылау болу. Мұндай орта адамның еңсесін көтермей, шаршау сезімін тудырады. Қызмет бөлмесі жарық, жасыл сары, қызыл түсті реңдермен түрленіп тұрса, шаршауды басады.

Дерекөз: Жас-Ай журналы