Саясат

Көпбалалы ана: өздеріңіз тағыңыздар, мен алмаймын!

Марапаттан машақаты көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Демографияны өсіріп, халық санын көбейтуге жұмыла кірсіп жатқан үкімет, көпбалалы аналарға баспана беруге және әлеуметтік жағынан қаржылай көмек көсертуге ынта білдіріп бастағалы қашан. Ең ақыры "Алтын алқа" тағып абыройларын асқақтатуға да барды. Бұл әрине, Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан еңбек. Алайда, тапсырманың орындалуы сіз бен біздің алаңдатып отыр.

 

Еуразия бірінші арнасында, Талдықорған қаласының он шақты тұрғыны, яғни көпбалалы аналар президент берген алқалардан бас тартып, оны әкімдікке қайтарып берген. Басты себеп,  15 жыл бойына пәтерге кезекке тұрып, бірақ әлі күнге дейін ала алмай отырғандықтары.

"Болдым мен! Шын, міне, өздеріңіз тағыңыздар мен алмаймын! Мен бас тартам, кері қайтарам деп жазам", – деп алтын алқа иегері шыр ете түсті.

 

Мәселенің мән-жайы

Құжаттағы кезек нөмірлердің қолмен түзетілгені көрініп тұр. Шағымданушылардың айтуынша, бұл өрескел қылмысты әкімшіліктегі мамандарды бірі жасаған. Тек оны ұстап беретін дәлел жеткіліксіз болғандықтан құзырлы орындар жылжымай отыр.

Қаланың әкімінің шамына тиіп, ақыры айғай естіп алған көпбалалы аналара облыс әкімі Амандық Баталовқа кіргілері келгенімен нәтижесі қалған. Себебі, облыс әкімі іс сапарда жүр.

Алтын алқаның емес, қалтаның қамы жүріп жатқан бұл олқылықтың орнын толтыру керек.