Саясат

Президент Ресей телеарналарына сұхбат берді

Сұхбат "Россия-1" және "Россия-24" телеарналарында көрсетілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан президенті Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді.

Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында Қазақстан президенті "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында "Россия-1" және "Россия-24" телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.