Саясат

Қазақстанның тәртіп сақшылары қара көзілдірік киуі мүмкін

Қара көзілдірікті полиция қызметкерлерін АҚШ, Бразилия елінде кезіктіресіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана қаласының жол тәртібін бақылайтын қызметкерлер осыдан бірнеше күн бұрын Елбасыға таныстырған жаңа үлгідегі формаға күнге қарсы көзілдірік қосуды ұсынды.

Қазіргі таңда еліміздің полиция қызметкерлеріне мұндай аксесуарды пайдалануға тыйым салынған. Себебі, қара көзілдірік сақшының бетін жасырып тұрады. Сондықтан тәулік бойы жолда жүретін мамандар күннің шағылысуынан айналаны бағамдау қиын екендігін және таңертең мен кешқұрымда тіпті нашарлайтындығын  мәлімдеген.

19 қараша күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылған формада латын қаріпінде «POLITSIIA» деп жазылған. Алайда, бұл соңғы үлгісі емес. Сол себепті тәртіп сақшылары өздерінің мүмкіндіктерін мүлт жібермеуді ойластыруда. Бірақ оның жауабы қандай болатындығы әзірге белгісіз.

Көз дәрігерлерінің айтуы бойынша, күннен қорғаныс аксесуары болмаған жағдайда жанардың торы мен бұршағы зақымдануға алып келеді. Бұл болашақта көруді нашарлатып, соқырлыққа жеткізуі де бек мүмкін. Күндіз-түні көшені торуылдап, қарақшылық әрекеттердің алдын алу үшін сақшыларға көздің мықты болуы алдыңғы орында тұруы тиіс. Сондықтан дәрігерлер мұның зиянынан пайдасы көп дейді.

Қазіргі таңда қара көзілдірікті полиция қызметкерлерін АҚШ, Бразилия сынды елдердің көшелерін оңай кезіктіресіз. 2013 жылы Ресейдің Ішкі Істер Департаменті кавказдық сақшылар үшін он мың дана көзілдірікке тапсырыс берген. Мұның өзі көршілес елдің де бұл бағытқа бара жатқандығын меңзейді.

Аталған тақырып халықтың ойын екі жаққа бөліп жіберді. Бірі, форма киген сақшыға көзілдірік жарасымды десе, енді бір жағы қазақ полициясы өздерін мықты сезініп, мұрындарын шүйіріп алуы да ғажап емес дейді. Сонымен бірге көзілдіріксіз көрмей жүрген дүниелер, енді мүлде тасада қалып қояды деп шуласқандар да жетерлік.

Негізінен 2019 жылы тыныштықты күзететін мекемеде формадан бөлек бірқатар өзгерістер болатындығы анық. Себебі, жаңа реформаға байланысты полиция қызметкерлерінің 10 пайызы қысқарып, орынында қалғандардың айлық есебі артатын болады. Алайда, жемқорлық жайлаған мекемелердің біріне айналған орыннан, жұртшылық әділетті өзгеріс болатындығына күмәнді.

Дереккөз: qazaqtimes.com